×

Сатыбалдының қамауда отырғанда алған қонақ үйіне қатысты Антикор жауап берді

Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай жазған еді.

Сатыбалдының қамауда отырғанда алған қонақ үйіне қатысты Антикор жауап берді
Ашық дереккөздерден

Кеше Қайрат Сатыбалды қамауда отырған кезінде 6 млрд теңгеге Алматыдан қонақ үй сатып алған. Осыған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жекелеген азаматтар БАҚ және әлеуметтік желілерде «Double Tree by Hilton Almaty» қонақ үйін Қайрат Сатыбалдыұлымен қоса адамдар тобының иемдену әрекеттері туралы ақпарат жариялады. Сотталған Сатыбалдыұлы қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр», - делінген хабарламада

Антикор бұл ретте оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатқанын мәлім етті.

«Тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданады. Осыған байланысты Сатыбалдыұлына залалды өтеу мақсатында бизнес-орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражаттар мемлекетке беріледі», - делінген хабарламада.

Олардың қатарына 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған «Double Tree by Hilton Almaty» қонақ үйі кіреді екен.

«Қазіргі уақытта осы объектіні мемлекет меншігіне қайтару аяқталуда», - делінген хабарламада.

Бұған дейін депутат Мақсат Толықбай Қайрат Сатыбалды қамауда отырған кезінде 6 млрд теңгеге Алматыдағы Hilton қонақүйін сатып алғанын жазған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →