×

Экс-депутат, «Нұр-Отан» партиясының бұрынғы мүшесі Нұржан Әлтаев ұсталды

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен растады

Экс-депутат, «Нұр-Отан» партиясының бұрынғы мүшесі Нұржан Әлтаев ұсталды
Sputnik / Владислав Воднев

Пара алды деген күдікпен Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Иә, оның (Нұржан Әлтаев – автор түсіндірмесі) аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Нұржан Әлтаев сол кездегі «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылып, оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Нұржан Әлтаев әр жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған, сондай-ақ Мәжілістің VI шақырылымының депутаты болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр
Кеше, 22:25

Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр

Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі
Жастар мен жасөспірімдер интернеттегі ақпараттарға сыни көзбен қарауы тиіс
Марат Елеусізұлы балалармен подкаст форматында әңгіме өрбітіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →