×

Семей орманындағы өрт: Қаза тапқан үш орманшының аты-жөнін анықтау мүмкін болмай тұр

Өртелген техниканың қалдықтары табылып жатыр

Семей орманындағы өрт: Қаза тапқан үш орманшының аты-жөнін анықтау мүмкін болмай тұр
ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Семейдегі орман өртін сөндіріп жүріп мерт болғандардың кім екені әлі анықталмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Өрттен 3 адам қаза тапты деп жатыр, бірақ әзірге олардың кім екенін анықтау мүмкіндігі туып жатқан жоқ. Ішкі істер министрлігі мен полиция департаменті мамандары арнайы жұмыс жүргізіп жатыр. Өртелген техниканың қалдықтары табылып жатыр, дегенмен адам шығынына қатысты нақты жағдай беймәлім. Алдымен мән-жайды білейік, сосын толық мәлімет береміз деген ойдамын», - деді Нұрболат Дербісов сұхбат барысында.

Спикер аптап ыстық, қатты жел және орман ішіне кіруде кедергі барын тағы да еске салды.

«Қазір тікұшақ санын көбейттік, олар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мамандар және техника жеткілікті, тек жұмысты дұрыс бағытта ұйымдастыра білу керек», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →