×

Қызметінен кеткен Әбілқайыр Ысқақов Екібастұз тұрғындарынан кешірім сұрады

Бүгін Президент Павлодар облысы әкімін лауазымынан босатты

Қызметінен кеткен Әбілқайыр Ысқақов Екібастұз тұрғындарынан кешірім сұрады
instagram/ skakov_abylkair

Павлодар облысының бүгін қызметінен кеткен әкімі Әбілқайыр Ысқақов осымен бесінші тәулік жылусыз қалған Екібастұз тұрғындарынан кешірім сұрады,  деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Құрметті жерлестер! Мен үшін сіздерге қызмет ету аса зор құрмет болды. Мәселелерді шешуді басты басымдық ете отырып, мен әрқашан да барлығын шынайы және адал орындадым. Жылдар бойы жиналған мәселелердің біраз бөлігі шешілді, қалғандарын шешуге уақыт көбірек қажет болды. Екібастұздағы төтенше жағдай дәл сол –  ұзақ уақыт бойы жиналып келген және тез шешілмейтін мәселе болып тұр.

Дегенмен, қадірлі Екібастұз тұрғындары, мен қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігімнің де бар екенін білемін және сіздерден шын жүректен кешірім сұраймын! Осы күндері менің барлық ойларым мен уайымым сіздер туралы болды және алдағы уақытта да солай болады. Сіздерге қайраттылық, ал мамандар мен әріптестеріме мәселенің жедел шешілуін тілеймін.

Жерлестер, сіздерге жақынырақ таныса алған мүмкіндік үшін, конструктивті сындарыңыз үшін, ашық диалог пен 3 жылға жуық маған артқан сенім үшін шын жүректен алғыс айтамын", –  делінген экс-әкімнің Instagram желісіндегі жазбасында.

Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына төртінші күні барған еді. Ал бүгін, 1 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатты. Сқақовтың орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →