×

Семей орманы: Орманшылардың жалақысы 72 мың теңге болған

Мардымсыз жалақы ұсынған бос жұмыс орны qyzmet.kz сайтында пайда болды

Семей орманы: Орманшылардың жалақысы 72 мың теңге болған
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына орманшы қажет. Мардымсыз жалақы ұсынған бос жұмыс орны qyzmet.kz сайтында пайда болды деген ақпарат БАҚ-та тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орманшылардың жалақысы 72-81 мың теңге аралығында екен. Толық жұмыс күні үшін осындай ақы төленеді. Бос жұмыс орнының скрині сақталған. 

photo 2023 06 11 15 56 31 72 тысячи тенге в месяц предлагают лесникам в "Семей Орманы", где произошла трагедия

Орманшылардан табиғи кешендерді күзету және қалпына келтіру, өрттің алдын алу, жол бермеу, заңнамалық актілердің сақталуын бақылау, жауапкершілік сынды міндеттер талап етіледі.

Алайда qyzmet.kz сайтынан біз мұндай ақпаратты таппадық. Шамасы, хабарлама өшірілсе керек. Десе де бұл сөздің жаны бар сияқты. Себебі sputnik.kz сайты көз жұмған орманшының бірінің әкесі ұлының айлығы 80 мың теңге екенін растады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →