×

«Алматы-Қорғас» тас жолына қатысты тексеріс басталды

Жол күннің ыстығына шыдамай, көтеріліп кеткен

«Алматы-Қорғас» тас жолына қатысты тексеріс басталды
видеодан кадр

132 млрд теңгеге салынған  «Алматы-Қорғас» тас жолына сыбайлас жемқорлыққа күрес өкілдері тексеріс бастады. 5 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген халықаралық маңызы бар жол күннің ыстығына шыдас бермей көтеріліп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Ақау Алматы-Қорғас тас жолының 190-шақырымында болған. Қазір бүлінген жер жамалған. Ал агенттіктің Алматы облысындағы өкілдері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап, арнайы тексерісті бастады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Алматы облысындағы жол құрылысы 2017 жылы аяқталды. Жолға берілген кепілдік мерзімі 2019 жылы өтіп кеткен.

Нұрсұлтан Бекенов, Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары

Жобалау кезінде «компенсационный шов» деген болады. Сол 500-600 метр сайын салынып отырған. Алайда ол жеткіліксіз. Мысалы Дубайда 80-100 метр аралығында болып табылады. Сондықтан қысым болғаннан кейін ауа-райының жылынуына байланысты бетон көтеріліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →