×

Төреғали Төреәлінің есірткімен ұсталғаны расталды

Алматы қалалық полиция департаменті Төреғали Төреәліге қатысты мәлімдеме жасады

Төреғали Төреәлінің есірткімен ұсталғаны расталды
Sputnik / Владислав Воднев

Алматы қалалық полиция департаменті Төреғали Төреәліге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Алматы қалалық ПД 14  маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатты», –  делінген хабарламада.

Бір айта кететін жайт, Төреғалидың құжат бойынша тегі - Әлиханов.

«Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды. Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды», –  делінген хабарламада.

ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы  3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600 бабы 1 бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →