×

Өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасына пәтер кілті табысталды

Әр отбасы 7 млн теңге, сондай-ақ, қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді

Өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасына пәтер кілті табысталды
gov.kz

Абай облысы Өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әр отбасы 7 млн теңге, сондай-ақ, қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді. Көмекке асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру кіреді. Сонымен қатар, қайтыс болғандар мен олардың отбасыларының несие жүктемесіне ықтимал есептен шығару үшін талдау жасалады.

Бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы С. Н. Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағынауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды.

«Өрттен зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз», –  деп атап өтті Ұранхаев.

Қаза тапқандардың туыстары мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →