×

Төреғали Төреәлі изолятордан шығарылды

Бұл туралы әншінің адвокаты Эльнура Кішкенбаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті

Төреғали Төреәлі изолятордан шығарылды
Ашық дереккөзден

Есірткі шегіп, мас күйінде көлік жүргізген әнші Төреғали Төреәлі денсаулығына байланысты уақытша ұстау изолятордан шығарылып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы әншінің адвокаты Эльнура Кішкенбаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Төреғали Төреәлінің денсаулығы нашарлап, жедел-жәрдем шақыртқан. Сосын Алматыдағы №7 ауруханаға жеткізілген.

«Қазір әншінің жағдайы орташа» - дейді адвокат.

Ол сонымен қатар желіге Төреғали Төреәлінің ұсталғаннан кейін медициналық сараптамадан өткен бөлмедегі видеосын жүктеді.

 Полицейлер әншіні ұстағаннан кейін ауруханаға апарып, сараптама тапсыртқан. Адовкатының айтуынша, дәрігер нұсқаулығында 3 күн постель режимінде жату керек болған. Бірақ полицейлер сот шешіміне сәйкес алып кеткен. Ол 20 күнге қамауға алынды.

Айта кетейік,  күні кеше әлеуметтік желіде Lexus көлігі жүргізушісінің ұсталған сәті тарап кетті. Ол әнші Төреғали Төреәлі екені расталды. Полиция әншінің есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 күнге қамалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →