×

Алматыда тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы ашылды

Орталықтың аудандарда жылжымалы мобильді заң кеңесі қызметі жұмыс істейді

Алматыда тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы ашылды
Egemen.kz

Алматыда тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы ашылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде “Адам және қоғам” қоғамдық бірлестігімен Алматы қаласында (МИБ, ТКШ, Халықты әлеуметтік қорғау және т.б.) азаматтар үшін тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы ашылды.

Бұл орталықта тәжірибелі заңгерлер өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

▪ “Мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай тұрақты 24/7 “жедел желі” жұмысы;

▪ Барлық аудандарда ай сайын кемінде 2 рет жылжымалы мобильді заң кеңесі қызметі жұмыс істейді. Жылжымалы заң кеңесі тұрғындарға базарларда, емханаларда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетеді;

▪ Азаматтардың құжаттарын (өтініш, талап, өтініш және т.б.) дайындауға әдістемелік көмек көрсетеді. Соттарда  халықтың әлеуметтік осал топтары мүгедектер, зейнеткерлер, жалғызбасты аналар және т.б. істерін жүргізеді;

▪ Орталыққа келушілерге заң мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету, сондай-ақ телефон, электрондық пошта арқылы және "Онлайн кеңесші" интерактивті модулінің көмегімен орталық сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде консультациялар жүргізу.”

Тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығының бас кеңсесі Алматы қаласы, Медеу ауданы, М.Мақатаев көшесі 47 мекенжайында орналасқан.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →