×

Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күні өтті

Ертең Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтеді

Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күні өтті

Бүгін Түркістанда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясының мүшелері өз жұмысын түлеп жатқан шаһардың «Ұлы дала елі» орталығынан басталғанын айтты. 

«Секцияда бүгінгі зиялы қауымның кескін-келбеті, тарихи жауапкершілігі, азаматтық ұстанымы туралы баяндама жасадым. Құрылтай мүшесі Дәулет Тұрлыханов бүгінгі жастар проблемасына, әсіресе есірткі мен синтетикалық зиянкестерге елітіп жүрген замандастарымыз туралы қатты айтуда. Светқали Нұржанов, Асқар Жұмаділдаев, Дихан Қамзабекұлы ағаларымыз өз бағыттары бойынша өткір ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды», –  деді Әшімжан.

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков ертең Президенттің алдында лудомания мәселесін көтеретінін жеткізді.

«Бүкіл қалалар мен аймақтарда букмекерлік компаниялардың жарнамалары көп. Бұл біздің тарихымыз бен рухымызға кедергі келтіреді. Талай азаматтарымыз Геннадий Головкин сияқты кәсіби боксшыларымызға бәс тігіп, пәтерін сатып, үйін сатып, ұтылып қалады», –  деді спортшы.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек модераторлық еткен сессияда білім мәселелері талқыланды. 

Секцияда цифрлық және жаңа технологиялық шындық, ұрпақтар сабақтастығын сақтау аясында қалыптасып келе жатқан жас ұрпақтың ерекшеліктері талқыланды. Жоғары білім берудегі реформаларды жетілдіру, оның ішінде жоғары оқу орындарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу және оқытушылардың мәртебесін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сарапшылар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды дамыту және елдің жалпы идеологиялық негізін қалыптастыру мәселелеріне жеке тоқталды.

Сонымен қатар, секция жұмысы аясында орта білім беру, әсіресе ауылдық жерлерде мектеп инфрақұрылымын жақсарту мәселелері көтерілді.
Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық Құрылтай мүшелерінің мемлекеттік органдармен бірлесіп ұсыныстарын іске асыру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты шешім қабылданды.

Енді ертең, 17 маусым күні, Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →