×

Экс-министрмен бірге сотталған есепшінің 6 жасар қызы балалар үйіне тапсырылуы мүмкін

Бұл үкіммен ол келіспей, апелляцияға бергелі отыр

Экс-министрмен бірге сотталған есепшінің 6 жасар қызы балалар үйіне тапсырылуы мүмкін
Фото: Qaz365.kz

Экс-министрмен бірге сотталған есепшінің 6 жастағы баласы балалар үйіне тапсырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге сотталған бухгалтер Айым Сәдуақасова 7 жыл уақыт түрмеде жазасын өтейтін болды. Жалғызбасты сотталушының артында 6 жасар қызы қалды.

Бүгін Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар Ұлттық музей басшысы болған Алмас Нұразхан, «Экспонат» мердігер ұйым директорының орынбасары Азамат Көшенов пен осы компанияның есепшісі Айым Сәдуақасова 7 жылға сотталды. Олар қылмыстық заңбұзушылыққа қатысты деген айыппен кінәлі деп танылды.

«Сот тергеуі барысында сотталушы Сәдуақасованың 2017 жылы туған баласы бары белгілі болды. Сотталған адамның түсіндіруінше, ол баланы биологиялық әкесінсіз  жалғыз тәрбиелеген. Мұндай жағдайда, соттың пікірінше, қамқорлық органдарына және Астана әкімдігінің жанындағы қамқорлық мекемелеріне Сәдуақасованың кішкентай баласын туыстарына немесе тиісті мекемелерге беру жөнінде мәселені шешуі керек. Себебі қыз бала анасының қарауынсыз қалады», - деді судья үкімді оқу барысында.


Еске сала кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл үкіммен ол келіспей, апелляцияға бергелі отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →