×

5,5 млрд теңге бюджет қаржысын жоғалтқан шенеунік 345 мың теңге төлеп құтылады

Палата төрағасы шенеуніктерге салынатын айыппұл мөлшерін арттыруды ұсынды

5,5 млрд теңге бюджет қаржысын жоғалтқан шенеунік 345 мың теңге төлеп құтылады
gov.kz

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында шенеуніктерге салынатын айыппұл мөлшерін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ол сырттан беталды қарыз тартатын шенеуніктер көбейгенін айтты.Ал  жазалау шарасы дұрыс жолға қойылмаған.

«Былтыр Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске лауазымды тұлғалардың сыртқы қарызды тиімсіз игергені және игермегені үшін әкімшілік жауапкершілік артатын норма енгізілген. Оның көлемі 100 айлық есептік көрсеткіш деп белгіленген. Бүгінде 100 АЕК деген 345 мың теңге. Енді айыппұл сомасын көбейту керек деп санаймыз», - деді палата төрағасы.

Оның айтуынша, мысалы 2022 жылы сыртқы қарыз есебінен 9 жоба іске асқан. Сол кезде 112 миллион доллар кері қайтарылған көрінеді. Ал сол қарызды резервтеу үшін мемлекет 12 миллион доллар төлеген.

«Міне, осындай қателікке жол берген лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл бюджетке келген шығынға сай емес. 12 миллион доллар дегеніміз - 2022 жылғы валюта бағамы бойынша 5,5 миллиард теңге. Қазір біз мемлекеттік қарызға аудит жүргізуді жоспарлап отырмыз. Күзде оның қорытындысын Парламентке айтамыз. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғана айтқанның өзінде мемлекет бюджеттен жоғалтқан 5,5 миллиард теңге үшін базбіреуге 345 мың теңге ғана айыппұл саламыз», - деді Наталья Годунова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →