×

“Жаңа стильдегі қуғын-сүргін”: Арман Шораев “Қазақстан барысы” жобасының тексерілуі жайлы

Ол мұны биліктің өзін жемқор етіп көрсету әрекеті деп есептейді

“Жаңа стильдегі қуғын-сүргін”: Арман Шораев “Қазақстан барысы” жобасының тексерілуі жайлы
kazgazeta.kz

"Қазақстан барысы" турниріне миллиардтан астам теңге жұмсаудың заңдылығын Қаржы мониторинг агенттігі тексеріп жатыр. Жобаны жүзеге асырған Арман Шораев мұны биліктің өзін қаралап, халық алдында жемқор етіп көрсету әрекеті деп есептейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде.

Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Арман Шораев мұны “Жаңа Қазақстанның” қуғын-сүргін саясаты деп санайды.

"Жап-жаңа Қазақстанның жаңашыл билігі менің айналамдағы адамдарға, әріптестеріме, жақтастарыма түрлі себептермен қысым жасауды бастап кетті. Журналист ретінде жасаған жұмыстарымнан мін іздеп, архив ақтаруға көшті. Көптеген жобаларды бірге жүзеге асырған пікірлестерімді заңсыз тергеп-тексеруде. Кейбіреуін тіпті заңсыз шетелге шығармай, заңсыз тінтулер жасауда”, – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, “Қазақстан барысы” жобасын жүзеге асырғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған. 

"Мен жүзеге асырған “Қазақстан Барысы” жобасын да тілге тиек етіпсіңдер, айналайындар, идея менікі болғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған. Аталарыңның асы мен наурызда ғана естеріңе түсетін қазақ күресін, түйе балуандарды елге танытып, сондай жоба жасасаңдар, сендерге кім “қой” деді?!

Мені қаралап, жемқор қылып, халықтың алдында қарабет қылуды көздеген екенсіңдер, ақ жол! Бір қуанатыны - қазір халық өзгерген, көзі ашық, билік не айтса соған құлдық ұрмайтын қоғам қалыптасып келе жатыр! Сол үшін де сендердің сапарларың қысқа!” – дейді Шораев.

Ол сайлауда дауысын ұрлағанымен, азаматтық көзқарасы мен сөз бостандығын ұрлай алмайтынын айтып, билік қысымынан қынжылмайтынын жеткізді.

"Құрметті дос-жаран, ниеттес-пікірлестер, биліктің жаңа стильдегі қуғын-сүргіні мен советский шаң басқан қысымына қынжылатын мен емес, МЕН АҚПЫН!” – деп сөзін аяқтады ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →