×

Бір жылдан бері көрінбей кеткен «Ханның қызы» ел алдына шықты

Ол былтыр қызметінен босаған соң, көрінбей кеткен

Бір жылдан бері көрінбей кеткен «Ханның қызы» ел алдына шықты
bugin.kz

Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қайда жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Былтыр 7 сәуір қызметінен босаған соң, ол көрінбей кеткен. Журналист Арай Сүгірбайға берген сұхбатында қайда жүргенін айтты. 

«ҚазМұнайГаз» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінде қызмет атқарамын. Бұл жерге келгеніме көп болған жоқ. Ірі жобалармен айналысамыз. Әр жұмыстың өзіндік ерекшілігі бар. Облыстағы және басқа да ұзақ жылғы тәжірибем жаңа жұмысымда өз көмегін тигізіп жатыр. Кез келген жұмысқа білекті сыбанып кіріссең, нәтиже болады», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Еске салайық, осыдан шамамен екі жыл бұрын Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған. Сол кезде полицейлер әкім келеді деп жолды жауып, басқа көліктерді жүргізбей қойған. Бұл жағдайға ашуланған қызылордалық тұрғын аудан аралап жүрген өңір басшысына барып «Жолды жабатын ханның қызысыз ба?» деп шүйліккен. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →