×

Досаевтың әйелі Алматының жарнама нарығын иеленіп отыр ма

Әкім жауап берді

Досаевтың әйелі Алматының жарнама нарығын иеленіп отыр ма
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әйелі Гүлнәр Досаеваның жарнама нарығына қаншалықты қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Компанияның құрылғанына көп болды. Негізгі серіктестері әлемдік жарнама нарығының көшбасшысы - JCDecaux Asie Holding. Ал қалғаны төрт құрылтайшыға тиесілі. Мен Алматыға әкім болып келген соң, бұл мәселе көтерілетінін түсіндім. Былтырғы жылдың желтоқсанында менің әйелім Гүлнәр мен Гауһар Қаппарова 15 компанияның 15 пайыз акциясын басқа жекеменшік серіктестерге сатты», – дейді Ерболат Досаев.

Сондықтан ол былтырғы жылдың желтоқсанынан бері өзі жарнама нарығына қатысы жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Telegram арналарда Гүлнәр Досаеваға «РТС ДЕКО» АҚ компаниясының 15 % үлесі тиесілі екені жазылған. Компания жарнама қызметтерін ұсынумен айналысады.

Кәсіпорынның 2020 жылғы табысы 194,7 млн теңге болған. 2015 жылдан бері 4,9 млрд теңге салық төлеген.

Компания Қазақстанды тіркелгенімен, басқарушы JCDecaux Asie Holding. Бұл компания болса, Францияда тіркелген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →