×

Қазақстан мен Әзірбайжан әуе рейстерінің санын көбейтпек

Рейс саны әр тараптан аптасына 32-ден 42-ге дейін артады

Қазақстан мен Әзірбайжан әуе рейстерінің санын көбейтпек
azh.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Әзірбайжан Республикасына ресми сапары шеңберінде 2023 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстан тарапынан Хаттамаға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Әзірбайжан тарапынан – Әзірбайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қол қойылған Хаттамаға сәйкес екі тараптың тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан аптасына 32-ден 42 рейске дейін елдер арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база кеңейтілді.

Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында орындалатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал ететін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →