×

Ресейдегі ҚР елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Шекаралас өңірлерге бармауды сұрайды

Ресейдегі ҚР елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Ашық дереккөздерден

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі қазақстандықтардан қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге байланысты Ресейдің Украинамен шектесетін шекаралас өңірлеріне барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Өздеріңізден қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге байланысты Ресейдің Украинамен шектесетін шекаралас өңірлеріне бармауды сұраймыз. Ресей Федерациясында, әсіресе, Украинамен шекаралас өңірлерде жүрген барлық азаматтардан Ресейдегі Қазақстан елшілігінің консулдық есебіне тұруды сұраймыз (онлайн бойынша)", – делінген РФ-дағы ҚР елшілігінің сайтында.

Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдаулар көрсетілетіні де нақтыланады.

Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігінің сенім телефоны: +7-925-897-71-14.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Кеше, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →