×

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Үкіметінің қаулысымен

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
primeminister.kz

Бауыржан Құдайбергенов Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Әлібекұлы Құдайбергенов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бауыржан Құдайбергенов 1988 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Манчестер университеті (Ұлыбритания), Назарбаев университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Талдау және ақпараттандыру басқармасының инспекторы болып бастады.

2012-2017 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылымында сарапшы-аудитор, бас сарапшы-мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарған.

2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2022 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

"Болашақ" стипендиясының иегері, 2021 жылғы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →