×

Тергеу процесі біржақты жүргізілген бе - Түркістан облысында қамаудағы 6 полицияның туыстары әділдік іздеп жүр

Тәртіп сақшыларына күдіктілерді ұрып соқты деген айып тағылып отыр

Тергеу процесі біржақты жүргізілген бе - Түркістан облысында қамаудағы 6 полицияның туыстары әділдік іздеп жүр
Qaz365.kz

Түркістан облысында полицияның алты қызметкері сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Qazaqstan ұлттық арнасы тәртіп сақшыларына күдіктілерді ұрып соқты деген айып тағылып отырғанын мәлім етті. 

Оқиға өткен жылдың 8 ақпанында болған. Екі жәбірленуші тергеу кезінде бір топ полицейдің қылмысты мойындату үшін ұрып-соғып, басына пакет кигізіп азаптағанын айтқан. Содан бері алты қызметкер қамауға алынып, алды он айдан бері тергеу абақтысында отыр. 

Ал айыпталушылардың қорғаушылары мен туыстары тергеу кезінде заңбұшылық әрекеттерге жол берілгенін, сараптамалардың дұрыс жүргізілмегенін алға тартады. Полицейлердің кінәсі дәлелденсе үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алты полицейдің туыстары болса, әділетсіздікке жол берілді деп отыр. «Alashainasy.kz» порталының жазуынша, екі қой ұрлап ұсталған азмат өздерінің әрекеттерін мойындаған. Тіптен, малдың иесіне өтемақыны да төлеп, кешірімін де алған. Алайда, арада алты ай өткенде із кесіп, ұрыларды тапқан полицейлердің өздері істі болып шыға келген. Қой ұрлаған қос жігіт бүгінде жәбірленуші. Ал қылмыспен күресіп жүрген полицейлер керісінше қамауда дейді, күйінген ата-аналар. 

Сауран ауданында болған екі қойдың бастауынан полицияның алты қызметкері сотталып жатыр. 

«12 ата-ана жүрміз, 10 айдың көлемінде бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Ынтымақ ауылының екі жәбірленушісі ауылдан екі қойды ұрлаған. Оны мойындаған. Екеуінің ата-аналары ұрланған қойдың орнынан қой алып беріп, малдың иесінен кешірім алған. Одан кейін іс тоқтатылған. Кейін бұлар жоғары жаққа шығып, «бізді қинады», «басымызға пакет кигізді», «дәретімізді жібердік» деп шағымданды. 8 ақпанда екі қойды ұрлағаны рас, оны өздері де мойындаған», – дейді экс-полицейдің анасы Рая Құдайқұлова. 

Ол алты ай өткенде қой ұрлаушылар жәбірленуші болып шулай бастады. Сот медициналық жағдайды, куәгерлерді көрдік. Барлық мән-жайды біліп отырмыз дейді. 

«Менің ұлым өзге әріптестерімен бірге он ай қамауда отыр. Олардың жазықсыз қамалғанын дәлелдей алмай, жанайқайымызды жеткізетін жер таппай жүрміз. Сот сараптамаларында өрескел қателікткер болды. Видео монтаждалып, ол жердегі айғай-шу видеоның үстінен жазылған. Жәбірленуші басыма пакет кигізді дейді. Басында полиэтилен пакеті бар адамның дауысы жер жарып, сыртқа естіле ме? Осындай олқылықтар өте көп. Жазбада ешқандай көрініс жоқ, тек дыбыс, аудио ғана бар. Оның монтаж екеніне біздің 100% көзіміз жетіп отыр», – деді Рая Құдайқұлова.  

Сотқа Қылмыстық іздеу бөлімінің бастығынан бастап, оның қарамағындағы бес қызметкер де тартылған. Олардың үстінен ҚР ҚК 146 бабы бойынша айып тағылған. Сотталушылардың туыстары тағы да сараптама жасатуды талап етуде. Өйткені, куә ретінде көрсетілген аудио-бейне жазабалар монтаждалған деп санайды.   

Қылмыстық іс 20 том. Оны Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Даулы іс судья Абай Бекботаевтың қарауында. 

«Ең басты мәселе неде? Тергеу барысында дәлелдемелерді жинаған кезде жазбаны тергеуші алдымен конвертке салып, мөр басып, тек қана сараптамаға жіберу керек еді. Ол сараптамадан соң да мөр басылған күйде келу керек еді. Осындай сараптама жасалған іс қана сотқа ұсынылу керек. Тергеудің мәліметтері белгісіз себептермен жәбірленушілердің қолына кетіп қалған. Ол жерде де ешқандай видео жоқ. Тек таспаның үстінен сөздер жазылған. Ол қазіргі іс материалдарымен сәйкес келіп жатқан жоқ», - дейді қорғаушының бірі Олжас Сүлейменов.    

Оның айтуынша, қылмыстық кодекстің 19-бабында кінәсіздік презумпциясы бұзылып отыр. Яғни, соттың үкімі күшіне енбей ешкім кінәлі болып саналмайды екен.

Әділдік іздеуден шаршаған топтың ендігі үміті сотта. Сот даулы іске әділ қарап, бір топ полицияның тағдырын тәлкекке салмайды деген үмітте. Ал істі қарап жатқан судья да, жәбірленуші тарап та әзірге қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. 

Бір жарым жылға созылған даулы істің нақты қашан аяқталары белгісіз. Бірнеше рет сотталған қос жігіттің ұрлық әрекетін әшкерелейміз деп жүріп істі болған полицейлердің барлығы өздеріне тағылған айыпты мойындамай келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →