×

Сапар құны - 2,5 млн теңге: Қажылыққа аттанған бір топ қазақстандықты туркомпания алдап кеткен

Редакциямызға Баян Сейітжан есімді қыз хабарласты

Сапар құны - 2,5 млн теңге: Қажылыққа аттанған бір топ қазақстандықты туркомпания алдап кеткен
стоп-кадр

Мұсылман қауымның бес парызының бірі саналатын үлкен қажылыққа елімізден жыл сайын өте көп адам аттанады. Биыл бір топ қауым рұқсаты жоқ турфирмаға алданыа қалған. Тіпті, туыстары таппай жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Редакциямызға Баян Сейітжан есімді қыз хабарласты. Ол әке-шешесі 21-і күні Zamzam store Qazaqstan компаниясымен қажылыққа аттанғанын айтып отыр. 

«Компаниядан турды сатып алдық. Алдын-ала брондадық. Сол компанияның айтуы бойынша, үш жерге тоқтап ұшты. Алдымен, Алматы-Шарджа, одан Эр-ряд,   Сосын Меккеге барды. Кеше қонақ үйден шығып, Мина жазығына бағыт алған. Жолдан Сауд-Аравиясының полицейлері ұстап, екі автобус адамды бүгін таңертеңге дейін ұстаған. Тіпті, дәретханаға шығармапты. Тамақ та бермеген. Өйткені Zamzam store Qazaqstan компаниясының визасы жалған болып шықты», - дейді Баян Сейітжан.

Оның айтуынша, Сауд Аравиясының билігі Қазақстанға қажылыққа адам әкелуге 4000 квота бөлген. Бірақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған компанияны тізімге қоспаған. Алайда соған қарамастан олар қолдан жалған виза жасап, қажылыққа 310 адамды апарған.

Қажылық сапардың құны екі адамға - 5 миллион 180 мың теңгеге шығыпты. 


 
Шағымданушы қыз қазір қажылыққа кеткен анасымен хабарласып отыр. Алайда әкесінен хабар жоқ. Жоғалып кеткенін айтады. Ал компания өкілі дұрыс жауап беруден қашқақтаған көрінеді. Компания директоры делінген Данияр Илиевке хабарласып көрдік. Алайда тұтқаны көтермеді. 

Осы мәселе бойынша ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлына хабарласқан едік.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық орындарын бөлу үшін ашық жариялаған конкурс бойынша 11-31 қаңтар аралығында туроператорлардан құжаттар қабылдады. Конкурсқа 20 туроператор құжат өткізді. Оның 18-і өтті. Ал екеуі туроператордың халықаралық талаптарға сәйкес ІАТА (International Air Transport Association) сертификатының болмауы себебінен конкурсқа жіберілмеді», - дейді Ағабек Қонарбайұлы.

Соның бірі - Zamzam store Qazaqstan көрінеді.

«Елге алаяқтарға алданып қалмаңдар деп, бірнеше рет ескерттік. Біздің азаматтар тыңдамады. Қолдан жалған виза жасаған компанияға алданып қалды. Олар 380 адам әкелген. Қаладан шығарып тастады. Екі күн тергеу органдарында болған. Тағы да ескертеміз, тіркеуден өткен компаниялармен келу керек. Әйтпесе, арты осындай келеңсіздіктерге тап болады», - дейді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда діни басқарманың қолынан ештеңе келмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →