×

Атырау облысында жаңа көл пайда болды

Көлдің көлемі 6 гектарға жуықтап қалған

Атырау облысында жаңа көл пайда болды
inform.kz

Атырау облысында күтпеген жерден “Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі” арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көл түзілді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАпарат-қа сілтеме жасап.

Көл Атыраудан 30 шақырым жерде – Қарабатан ауданында пайда болған. Мұнда “Базис Констракшн” АҚ “Су дайындау” жобасын жүзеге асырып жатыр. Тапсырыс беруші – “Karabatan Utilities Solution” ЖШС.

“Су сынамасы алынып, зертханалық талдауға тапсырылды. Қазір су төгілген бұл аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Нәтижесі дүйсенбіде дайын болады”, – деп хабарлады облыстың экология департаменті.

Сондай-ақ бұл аумақта су ағызуға рұқсат жоқ екені белгілі болды.

Осы аумақта мал жайып жүрген фермерлердің айтуынша, судан химикаттың иісі шығады, мал көлге жақындамайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →