×

Алматы қаласы мен Алматы облысында 7 полицейге жүргізушілерден пара алды деген айып тағылды

Олар ереже бұзған жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алған

Алматы қаласы мен Алматы облысында 7 полицейге жүргізушілерден пара алды деген айып тағылды
kolesa.kz

Алматы қаласы мен Алматы облысында патрульдік полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның жеті қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.

"Сонымен қатар, инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →