×

Кентауда дәмханалардың бірінде 58 адам уланып қалды

Оның 27-сі бала

Кентауда дәмханалардың бірінде 58 адам уланып қалды
onclinic.ua

Кентауда тез дайындалатын тағамдар дәмханасына барған 58 адам уланып қалды, оның 27-сі бала. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жұқпалы аурулар бөліміне 19 адам жатқызылған. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Мамандар зертханалық зерттеу үшін дәмханадан сынама алған.

"Науқастардың бәрі дене қызуының көтерілуі, құсу сияқты белгілерге шағымданды. Олар ауруын "Ризик Рауана" дәмханасында сатып алынған азық-түлік өнімдерін пайдаланумен байланыстырады. Бүгінде дәмхананың қызметі тоқтатылып, жоспардан тыс тексеру басталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жұмылдырылды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр", – деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →