×

Талдықорған қаласының әкімі қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан бері атқарып келген

Талдықорған қаласының әкімі қызметінен босатылды
gov.kz

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мамыр айының басында Әсет Масабаев инсультпен жансақтау бөліміне түскен. Қалпына келуге бір айға жуық уақыт кетті. Ол екі апта бұрын жұмысқа қайта кірісті. Бүгін, 30 маусымда оның отставкаға кеткені белгілі болды.

Масабаев әр уақытта Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, оңтүстік астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, қалалық әкімдіктің басқарма бастығы қызметтерін атқарған. 

Талдықорған қаласының жаңа әкімінің есімі бүгін сағат 15:30-да белгілі болады. Осы уақытта Жетісу өңірінің басшысы Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен қала әкімдігінің қабырғасында актив жиыны өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →