×

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды

СҚО әкімінің өкімі бойынша

Петропавл қаласының әкімі тағайындалды
gov.kz

Серік Мұхамедиев Петропавл әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі СҚО әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"СҚО әкімінің өкімі бойынша Серік Мақсұтұлы Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Серік Мұхамедиев 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келдi. Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады. 1991-2010 жылдар аралығында сауда және бизнес салаларында экономист, бірнеше компанияның директоры болып жұмыс істеді.

Мемлекеттiк қызметке 2010 жылдың шiлдесiнде келді. СҚО Жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында 2016 жылға дейін қызмет атқарды.

Осы тағайындауға дейін 2021 жылдың қазан айынан СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі болып қызмет етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →