×

Президент Абай облысында орман өртін сөндірген әскери қызметкерлерді марапаттады

Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде армиялық авиацияның 21 экипажы 1764 рет жалпы көлемі 4960 тонна су төккен

Президент Абай облысында орман өртін сөндірген әскери қызметкерлерді марапаттады
Ашық дереккөздерден

Абай облысында орман өртін сөндіруге қатысқан Қарулы Күштердің әскери қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен «Семей орманы» резерватындағы алапат өртті сөндіруде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі, полковник Нұрлан Байдуллаев II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Нұрлан Қошқарұлы төтенше жағдай кезінде құрамына Астана, Жетіген, Шымкент авиациялық базаларының және Семей дербес авиациялық эскадрильясының экипаждары кірген Қарулы Күштердің армиялық авиация тобын басқарды.

Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде армиялық авиацияның 21 экипажы 1764 рет жалпы көлемі 4960 тонна су төккен. Алты күн ішінде олардың ұшу уақыты 320 сағатты құрады.

Экипаждардың іс-қимылын үйлестіру, өртті өшіру тактикасын әзірлеу, жеке құрамның қауіпсіздік шараларын сақтау міндеттерін орындай отырып, полковник Байдуллаев өзі де өртті сөндіруге тікелей қатысты. Оның ұшу уақыты 40 сағатты құрады.

«Ауа температурасы көтеріліп, жел күшейген төтенше жағдайда ұшу-қону, суды толтырып алу мен төгу кезінде авиациялық оқиғалардың алдын алу маңызды болатын. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған бұл міндет толықтай орындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты Талғат Жанғазинов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл награда – әскери қызметкердің төтенше жағдай салдарын жою кезіндегі сауатты қимылы, шебер әрі бастамашыл іс-әрекетіне берілген баға.

«Төтенше жағдай кезінде бригада сержанты Талғат Жанғазинов жеке құрамның өрт ошағын сөндіру жөніндегі іс-қимылдарын басқарды. Әскери топографияны жақсы білуі оған тез бағдарлауға және бағыныштыларды қаупі ықтимал аумақтан шығаруға көмектесті. Оның басшылығымен жұмыстар жүргізілген учаскеде өрттің қайта тұтануына жол берілмеді», – дейді Қорғаныс министрлігіндегілер.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен өрт сөндіруге қатысқан бірқатар әскери қызметкер «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды. Жекелеген әскери қызметкерлерге әскери атақтар мерзімінен бұрын берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →