×

Бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі шеккен шымкенттік 4 минутта ұсталды

Көліктен мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды

Бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі шеккен шымкенттік 4 минутта ұсталды
видеодан кадр

Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ЖБО кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлаған. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.

Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.

Қазір ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама
Бүгін, 13:50

Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →