×

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы "Вагнер" ЖӘК-ті террор ұйым деп таныды

Құжат ассамблея сайтында жарияланған

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы "Вагнер" ЖӘК-ті террор ұйым деп таныды
ашық дереккөзден

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясы Ресейдің "Вагнер" жеке әскери компаниясын террор ұйым деп танитын резолюция қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Құжат ассамблея сайтында жарияланған.

"Ресей үкіметінің мүддесіне әрекет ететін "Вагнер" тобы мәні мен мазмұны тұрғысынан террор ұйым ретінде сипатталады, сондықтан "Вагнер" тобын ұлттық биліктердің террор ұйым ретінде тануына негіз бар", –  дейді құжатта.

Резолюцияда "Вагнер" тобы Ресей мүддесіне әрекет еткенін өткен аптада Владимир Путин де растап, толығымен мемлекет қаржыландырғанын мойындағаны да айтылған. "Бұл - Вагнер тобының шетелдегі әрекеттеріне Ресей жауап береді дегенді білдіреді" деп көрсетілген.

Ассамблея "Вагнерді" қолдағаны және Балтық елдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіріп, өз жерінде жалдамалыларға база салуға рұқсат еткені үшін Беларусьті айыптаған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тимур Елеусізов жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін, 13:50

Тимур Елеусізов жаңа қызметке тағайындалды

Қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады
Гүлнәр Досаеваның 2024 жылғы табысы жұбайының табысынан асып түсті
«Отбасы банк» – тұрғын үй құрылыс жинақтарын ресми түрде қабылдап, несие беретін бірден-бір банк

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →