×

Мысырлық ұшақ шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды

Ұшақтың 184 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесін Ақтөбе әуежайында апаттан құтқару командасы мен медицина мамандары күтіп алды

Мысырлық ұшақ шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды

Мысырлық ұшақ бортында өрт тұтану қаупіне байланысты Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті бүгін таңғы 4 сағат 32 минутта Египеттің Red Sea әуе компаниясының Боинг 737 ұшағы Шарм-Эль-Шейх-Астана бағытында ұшып бара жатып, Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болғандығын хабарлады.

«Экипаж мүшелері ұшақ бортында өрт тұтануы мүмкін деген қауіппен Ақтөбе әуежайына қону қажет деген шешім қабылдаған. Ұшақтың 184 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесін Ақтөбе әуежайында апаттан құтқару командасы мен медицина мамандары күтіп алды. Экипаж мүшелері бортта өрт болмағанын айтты. Жолаушылар денсаулық жағдайына шағымданған жоқ», – деп мәлім етті Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →