×

Оралдағы спорт клубы 50 допты 2,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған

Тауарды қымбатқа сатып алу деректері анықталды

Оралдағы спорт клубы 50 допты 2,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған
pixabay

Мемлекеттік сатып алуларды мониторинг жасау барысында тауарды қымбатқа сатып алу деректері анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, орталықтардың бірі 30 ноутбукты 550 мың теңгеден, жалпы сомасы 16,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың шын мәніндегі бағасы 219 мың теңге болған. Осылайша орталық ноутбукты екі есе қымбат етіп сатып алмақ болған.

Антикоррупциялық қызметтің тексерісінен кейін орталық мемлекеттік сатып алу бойынша тауардың құнын қайта есептеген. Осылайша бюджет 9,9 миллион теңгеге қысқарған.

Дәл осындай жағдай спорт клубында да болған. Мұндағылар 50 доптың әрқайсын 50 мың теңгеге, жалпы 2,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың негізгі бағасы - 5900 теңге.

Спорт клуб басшылығы да тауар бағасын қайта есептеп, 2 миллион теңге қысқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →