×

Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары Германияда теракт жасамақ болған

Күдіктілер Ауғанстанда және көршілес елдерде орналасқан исламшылармен байланыста болған

Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары Германияда теракт жасамақ болған

Германияның ішкі істер министрлігі лаңкестік әрекетті дайындап жатқан қылмыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімдеді. Орталық Азия елдерінің тумалары ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Германия мен Нидерландыда Орталық Азия елдерінен келген тоғыз иммигрант терроризмге қатысы бар деген айыппен ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, олар Германияда шабуылдар дайындап, «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының қызметіне ақша жинап жүрген. Бұл мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Ауғанстанда және көршілес елдерде орналасқан исламшылармен байланыста болған.

Солтүстік Рейн-Вестфалияның ішкі істер министрі Герберт Роулдың айтуынша, 20 мен 46 жас аралығындағы Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары ұсталды. Тергеушілердің мәліметіне қарағанда, олар қазірдің өзінде кураторлардан шабуыл жасау туралы нұсқау алып, дайындықты бастап кеткен, бірақ нақты мәліметтер әлі пысықталған жоқ. Прокуратура қолда бар деректер топ мүшелері деп болжанған адамдарды ұстауға жеткілікті деп санады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →