×

Алматыда сатылып жатқан қауын-қарбызда нитрат жоғары - маман пікірі

Алматы қаласы бойынша қарбыз бен қауыннан улану фактілері тіркелген жоқ

Алматыда сатылып жатқан қауын-қарбызда нитрат жоғары - маман пікірі
pixabay

Алматы қаласының санитарлық дәрігерлері көшеде сатылып жатқан қауын-қарбыздың құрамында нитрат көрсеткіші жоғары екенін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Зертхана мамандары экспресс әдіспен тамақ өнімдеріне зерттеу жүргізеді және нәтижесін тұтынушыларға бірден береді. Акция барысында 570 өсімдік шаруашылығы өнімінің сынамасы іріктеліп алынды, оның ішінде 6 сынамада (қарбыз, қауын) нитраттың асып кеткені анықталды. Алайда Алматы қаласы бойынша қарбыз бен қауыннан улану фактілері тіркелген жоқ», - деді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гауһар Қаткенова.

Сонымен қатар ол бақша дақылдарын сату кезінде бұзушылықтар анықталып, олардың сапасына күмән туындаған жағдайда, Алматы қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жүгінуге болатынын айтты.

«Қазіргі уақытта бақша дақылдарын жыл бойы сату ешкімді таңғалдырмайды. Алайда мамыр-маусым айларында қарбыз мен қауынның сөрелерде пайда болуы сіздің көңіліңізді елең еткізуі керек. Осы уақытта сатып алуға асықпаңыз. Жылыжай жидектерін өсіру кезінде минералды тыңайтқыштар көбірек қолданылады. Бұл жидектерде нитраттардың шамадан тыс жиналуына және нитраттармен улануға әкелуі мүмкін. Қауындардағы нитраттардың рұқсат етілген деңгейі – 60 мг/кг. Қауіптілік – пісу процесін жеделдету үшін ерте жемістер азот тыңайтқыштарының көп мөлшерін қолдана отырып пленка астында өсіріледі. Мұндай жағдайда қарбыз бен қауын тез өседі және бірнеше айдан кейін әсерлі мөлшерге жетеді. Бірақ қысқа уақыт ішінде тәтті жидектердің тыңайтқыштарда жинақталған нитраттардан арылуына уақыт жоқ және олардағы нитраттардың концентрациясы қауіпсіз нормадан бірнеше есе асып кетуі мүмкін», - деп түсіндірді маман.

Қарбыздағы нитраттардың жоғарылауының белгісі – қарқынды қызыл түс, сарғыш немесе қоңыр талшықтар және қыртыстағы целлюлоза, тегіс «жылтыратылған» кесу. Үйде өнімнің сапасын тексерудің ең қолжетімді әдісі – қарбыздың балдырын бір стақан суық суға ұсақтау. Егер су қызғылт немесе қызыл түске боялса, онда қарбыз химияның көмегімен өсіріледі, ал балдырында «бөгде» заттар бар болса, мұндай қарбызды жеуге болмайды.

Улануды тудыруы мүмкін тағы бір фактор – бақша дақылдарының дұрыс сақталмауы. Қарбыз бен қауын бірнеше апта бойы тікелей күн сәулесінде болған кезде, олардағы нитраттардың аз мөлшері де глюкозамен белсенді әрекеттеседі. Нәтижесінде, ішек инфекциясынан бастап дизентерияға дейін жұқтыру ықтималдығы пайда болады.

«Бір жасқа дейінгі балалар мен емізетін аналар үшін нитраты жоғары қауындар қауіпті. Өйткені балаларда иммундық жүйе әлі нашар қалыптасқан, ішек шырышты қабаты өте осал, ал ана сүті нитраттарға айтарлықтай кедергі келтірмейді», - дейді спикер.

Біріншіден, қарбыз жерде өседі, бірақ стерильді жағдайда тасымалданбайды. Екіншіден, жинаушылардың, жүк тасушылардың және сатушылардың қолы, пышақ лас болып жатады. Үшіншіден, жемістерді ашық ауада, тікелей күн сәулесінде болады.

Зақымдалған қарбыздан шыққан шырын микроорганизмдердің белсенді көбеюіне қолайлы орта, сонымен қатар жылы мезгіл және кесілген қарбызды суықта сақтамау әсер етеді. Бұдан ішек инфекциясы, дизентерияға дейін жұқтыруға қаупі бар.

Бақша дақылдарымен уланудың алғашқы белгілері оларды жегеннен соң бірнеше сағаттан кейін пайда болуы мүмкін. Әдеттегідей тамақтан улануға ұқсас болады: іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу, іш өту, дене қызуы көтерілу. Сонымен қатар, бас ауруы, құрысу, буындардағы ауырсыну, терінің аллергиялық реакциясы болуы мүмкін.

Бақша дақылдарынан уланудың алдын алу үшін санитариялық дәрігерлер бірнеше қарапайым қағиданы ұсынады:

1) белгіленбеген сауда орындарында – көгалдарда, жол жиектерінде, ғимараттардың аркаларында, қалалық жолаушылар көлігінің аялдама пункттерінде, үйлердің аулаларында, базарларға іргелес аумақтан қарбыз бен қауын сатып алмау. Әдетте, бұл өнім оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатылады. Жолдың жиектерінде, шаң қабатының астында, пайдаланылған газдың тұманында ешкім сізге қауіпсіздік пен сапаға кепілдік бермейді, демек денсаулыққа қауіп жоғары.

Санитариялық қағидаларға сәйкес бақша дақылдарын сату санкцияланған сауда орындарында – базарларда, азық-түлік дүкендерінде, сауда жаймаларынан, шатырлармен жабдықталған сауда дүкенінде жүзеге асырылуға, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттары болуы тиіс. Қарбыз бен қауын тұғырықтар мен тауар қойғыштарда жиналуы керек. Тауардың күні мен атауы, сондай-ақ тауардың салмағы үшін қол қойылып, мөр басылған баға белгілері болуы тиіс. Сатушыларда жеке медициналық кітапшалар болуы керек;

2) кесілген қарбыз бен қауынды және оларды бөліктермен сатып алмау. Біріншіден, пышақпен не кесілгені және оның таза екендігі белгісіз. Екіншіден, қарбыздың ішінде қоздырғыштар болмаса да, қазір олар сол жерде пайда болды деп айтуға болады;

3) қарбыз бен қауынды тұтыну алдында ағынды сумен мұқият жуу;

4) кесілген қарбыз немесе қауынды дереу жеу керек немесе тоңазытқышта бір тәуліктен артық емес, таза жабық ыдыста, шикі өнімдерден бөлек сақтау керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →