×

Батыс Қазақстанда контейнер мен екі автобус түгі қалмай жанып кетті

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр

Батыс Қазақстанда контейнер мен екі автобус түгі қалмай жанып кетті
Ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысында контейнер мен екі автобус жанып кетті. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Департамент мәліметінше, оқиға 9 шілде күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болған.

«Сағат 03.08-де Завод көшесі, 14/3 мекенжайында «Восход» ЖШС аумағында автобөлшектерімен темір контейнер (20 шаршы метр) отқа оранды. Сондай-ақ «ПАЗ» маркалы екі автобустан түк қалмады. Оған қоса жалын Митсубиси Кантер автокөлігі базасындағы иінді көтергіш пен «Лада Веста» жеңіл көлігін ішінара шарпыды. Тілсіз жау сағат 03.45-те оқшауланып, 04.08-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →