×

Қарағандыда 10 күннен кейін өледі деген әйелді сот босатпай жатыр

Ол түрмеде қатерлі ісікке шалдықты (рак)

Қарағандыда 10 күннен кейін өледі деген әйелді сот босатпай жатыр
ашық дереккөзден

Қарағанды облысы, Абай қаласында марихуана сақтағаны үшін сотталған әйелдің жағдайы тым ауыр. Тіпті, жақын күндері өмірден өтеді деген қорытынды шығарылған. Бірақ сот босатпай жатыр. Бұл туралы үнемі шулы істердің басы-қасында жүретін адвокат Төлеген Шайықов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ол түрмеде қатерлі ісікке шалдықты (рак). Ауруы агрессивті болып шықты, оны емдеуге келмейді. Екі рет операция істеді. Бірақ нәтиже жоқ. Несеп пен нәжіс табиғи жолмен өтпейді. Яғни зәр мен нәжіс денедегі тесіктерден шығарылады. Қазірдің өзінде мүлдем жүре алмайды. Төрт ай бойы бар күшімді салып, әйелді босату туралы сараптамаға қол жеткіздім», – дейді адвокат. 

Оның айтуынша, түрмедегі әйел сол тұста жүруге шамасы болған. Ал қазір жағдайы нашарлап кеткен. Медкомиссиядан да өткен. 

«Қарапайым тілмен айтқанда өлер алдында үйіне барып, балаларымен қоштасып үлгергенін қалаймыз. Сотта үш дәрігер сөйледі. Ауруы жазылмайтынын айтты. Жағдайы күннен-күнге нашарлап барады. Прокурор да соттан босатуды сұрады. Бірақ сот келіспей, бас тарта береді. Мен соттың шешіміне шағымдана аламын. Алайда оған 15 күн кетеді. Мұның бәрі уақытты алады. Бәлкім, ол сол уақытқа дейін жетпей қалуы да мүмкін. Мемлекет осындай адамдарды судьялыққа тағайындағанда нені басшылыққа алады екен? Абай аудандық сотының әрекеті түсініксіз», – дейді Төлеген Шайықов.

Оның айтуынша, жағдайы нашар әйел үш жылдан бері түрмеде отыр екен. Яғни қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша сотталған (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс).
Qaz365.kz тілшісі адвокатқа хабарласып, мән-жайды толық сұрап білді. 

«Есірткіні үйіне қайын атасы әкелген. Келіні жоқ кезде сақтап қойған. Әйел бұл туралы білмеген. Кейін үйіне тінту жүргізіледі. Сотта қайын атасы есірткімен күрес бөліміне ақша төлеп жүргенін айтады. Бірақ енді ақша төлей алмаймыз дейді. Сот егер осы сөзінен бас тартпаса, отбасы мүшелерінің барлығын қамайтынын жеткізеді. Сөйтіп, отбасының барлық мүшесі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі атанады. Атап айтқанда күйеуі, оның ағасы, қайын атасы, көңілдесі барлығы бар.  Негізі олар есірткіні ешкімге сатпаған», – дейді адвокат. 

Тіпті техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысшысын және басқа қалада тұратын  күйеуінің танысын да түрмеге қамаған. Соңғысы пияз сатып алған. Тергеу кезінде Kaspi транзакцияларды тексерген. Пияз екеніне сенбей, бұл есірткі төлемі деп айыптаған. 

Сотталушының екі-үш баласы бар, барлығы мектепте оқитын көрінеді. 

«Комиссия «енді емдемейміз, сотталушы жақын арада өледі» деп отыр. Медициналық бөлім түрме басшылығына осындай қорытынды ұсынған. Олар сотқа жіберген. «Бұл адамды ұстаудың қажеті жоқ, көп ұзамай өмірден өтетінін» жеткізген. Түрме басшылығы 24 маусымда хат жазған. Сот тек үш аптадан кейінгі уақытқа тағайындалған. Бұл дұрыс емес. Адам оған дейін өліп кетуі мүмкін ғой. Сондықтан босатып, отбасы мүшелерімен қоштасуға мүмкіндік беру керек», – дейді адвокат Төлеген Шайықов.

Бір қызығы, сот 3 апта бойы  сенбей дәрігерлер мен басқаларды тергеген екен. 

«Тым болмаса адамның жағдайына қараңызшы деймін. Оның асқазанында екі тесік бар: бірінен зәр, екіншісінде нәжіс шығады. Өйткені дәретханаға баруға шамасы жоқ. Жүре алмайды.  Ешқандай үміт қалмаған. Заң бойынша қазір аппеляциялық шағым түсіруіме болады. Оны сот оны 15 күн ұстайды. Сосын облыстық сотқа жөнелтеді. Ол жақта тағы 5 күн жатады, содан кейін хат қайтып келеді, адам босатылады. Бірақ сотталушы 25 күн өмір сүрмеуі мүмкін», – дейді адвокат.

Оның болжамы бойынша, әйелдің бір апта немесе 10 күндік ғана өмірі қалған. Ол түрменің тіпті күзетілмейтін бөлігінде жатыр екен. Өйткені бұл  қашып құтыла алмайды және өмір сүре алмайдындарға арналған жер. 

«Негізі сотталушы түрмеге отырғанда ауырмаған. Үкімнің әділетсіз екенін білу үшін ол қатты уайымдаған. Содан осы дәреге жетіп отыр. Бұл отбасында бұған дейін екі адам қайтыс болды. Атап айтқанда қайын атасы түрмеде жүрек талмасы ұстаған», – дейді Төлеген Шайықов.

Qaz365.kz редакциясы осы іс бойынша Қарағанды облысы, Абай аудандық сотына ресми хат жіберді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →