×

Офлайн өмірдегі жауапкершілік онлайн әлемде міндеттеледі. Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Аталған заңның қабылдануы елдегі онлайн-платформалардың қызметі үшін құқықтық негіздер қалыптастырады

Офлайн өмірдегі жауапкершілік онлайн әлемде міндеттеледі. Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, аталған заңның қабылдануы елдегі онлайн-платформалардың қызметі үшін құқықтық негіздер қалыптастырады.

«Масс-медиа саласы қарқынды дамыған тұста ақпараттық технологиялар әсерімен әлем күрт өзгеріске ұшырады. Коммуникацияның ландшафты да терең трансформацияға түсті. Мәселен, күні кеше ғана Reuters Institute жариялаған биылғы «Дижитал жаңалықтар есебі» бойынша, әлемде әлеуметтік желі арқылы жаңалықпен танысу 30 пайызға ұлғайған.  Осыған байланысты президент 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауында  медиа саланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсырды», - дейді Дархан Қыдырәлі.

Ол осы орайда медиа қауымдастық және қоғамның пікіріне құлақ түріп, әлемдік тенденцияларды мұқият зерделеп, масс медиа туралы заңнама мен онлайн платформаларға арналған ережелерді бөлек қарастыруды жөн санағандарын айтты. 

"Еуропалық одақ қабылдаған Digital Services Act немесе цифрлық қызметтер туралы заңның баламасы іспетті бұл заң әлемдік әлеуметтік желілердің интерфейсін қазақшалау, инфлюенсерлердің жарнамасын таңбалау, заңсыз контентті неғұрлым тиімді модерациялау мәселелерін де реттейді.  Заң аясында көлеңкелі экономика үрдісін азайту және онлайн алаяқтықпен күресу бойынша қажетті шаралар қабылданады. Басқаша айтқанда, офлайн өмірдегі жауапкершілік онлайн әлемде міндеттеледі», - дейді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →