×

Тоқаев Астана әкіміне қаланың ахуалын жақсартуға 1 жыл уақыт берді

Мемлекет басшысы алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды

Тоқаев Астана әкіміне қаланың ахуалын жақсартуға 1 жыл уақыт берді
Telegram/ Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеңесте Мемлекет басшысы алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталып, оларды орындауға Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді.

«Ең алдымен, бүгін айтылған міндеттерді дер кезінде әрі сапалы орындау керек. Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады.

Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс.

Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін», – деді Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →