×

Атырауда отбасында ойран салған 34 адам әкімшілік қамауға алынды

1 шілдеден бастап елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатаңдады

Атырауда отбасында ойран салған 34 адам әкімшілік қамауға алынды
polisia.kz

Атырауда отбасында ойран салған 34 адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту мақсатында 1 шілдеден бастап елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатаңдады. Мәселен, полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызынсыз істі тіркей алады. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдардың жартысы татуласуға байланысты сотта тоқтатылып қалады. Сондықтан, жанұялық жанжал кезінде екі тараптың татуласуы үшін бір ғана мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, 461-бабы, 669-бабы шеңберінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімдері айқындалып, қайталанған құқық бұзушылықтар бойынша 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу мерзімі ұзартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша “102” арнасына 4097 хабарлама келіп түскен. ҚР ӘҚБтК-нің 73- бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша 1198 тұлға жауапкершілікке тартылса, қорғау нұсқамасы 1365 құқық бұзушыға шығарылды. 334 тұлғаға ерекше талап қойылып, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы, яғни қорғау нұсқамасын бұзған 96 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзған 34 тұлға қабылдау-тарату орнына орналыстырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →