×

"Мұғалімдер оқушылардан да асып түсті" - Ұлттық тестілеу орталығы

Мұндай әрекеттер «мұғалім» деген атауға кір келтіреді

"Мұғалімдер оқушылардан да асып түсті" - Ұлттық тестілеу орталығы
Видеодан кадр

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев һзінің Фейсбук парақшасында педагогтердің білімін бағалауда орын алып жатқан ереже бұзушылықтар туралы жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

“Достар, мына бейнежазбаларды мұқият көріп шықсаңыздар. Бұл бір экшн фильмнің бөліктері емес. Барлығы шынайы өмірде болып отыр... 10 шілдеде елімізде педагогтердің білімін бағалау басталды. Бірақ тестілеуге кейбір мұғалімдер біліміне емес, айласына сеніп келген сияқты. Мысалы, бір өңірде бір күн ішінде 34 педагогтің бұзушылықтары бірден анықталып, олар 5 жылға дейін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

ҰБТ-дан кейін бізді ешкім және ешнәрсе таңғалдырмайды деп ойлағанбыз. Бірақ, өкінішке орай, қулық жасау бойынша кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті. Бұл фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданып, құзырлы органдарға беріледі”, – деп жазды Р.Емелбаев. 

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ұстаздарды мұндай әрекеттерден аулақ болуға шақырды. 

“Құрметті педагогтер, мұғалім болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені бүкіл ұлттың болашағы сіздердің қолдарыңызда. Ал мұндай әрекеттер «мұғалім» деген атауға кір келтіреді”, – делінген автордың жазбасында.

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →