×

«Самұрық-Қазына» төрағасы: АЭС салмас бұрын ойлануымыз керек

Ол бүгінде атом электр стансасын орналастыруға қатысты мәселелер бар екенін айтты

«Самұрық-Қазына» төрағасы: АЭС салмас бұрын ойлануымыз керек
Коллаж: Qaz365.kz

«Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім қабылдамас бұрын көптеген факторларды ескеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Елде атом электр стансасын салу немесе салмау жөнінде шешім қабылдағаннан кейін ғана барып қандай өндірушілермен «Росатоммен» немесе басқа компаниямен келіссөздер жүргізуді ойластыруға болады», – дейді Нұрлан Жақыпов.

Ол бүгінде атом электр стансасын орналастыруға қатысты мәселелер бар екенін айтты.

 «Су, экология сияқты бірқатар талаптар бар болғандықтан оны түсініп, шешуіміз қажет. Тағы бір мәселе – құрылыстың құны және оның өзін-өзі ақтауы. Атом электр стансасы – өте қымбат тұрады. Станцияның құны миллиардтаған, мүмкін ондаған долларға бағаланады. Бұл атом электр станциясы өзін-өзі ақтауы үшін тариф қандай болуы керек? Біз мемлекет ретінде мұндай тарифке шамамыз жете ме? Тағы да бәріміз электр қуатын пайдаланамыз, ұялы телефондарымызды қуатын толтырамыз, интернетке кіреміз, теледидар көреміз. Ал ертең атом электр станциясын салсақ, электр энергиясының құны қанша болады? Осы жағын ойластыруымыз керек», – дейді «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы. 

Ол бұл электр энергиясының ақысын кім төлейді?, Балаларымызға не қалдырамыз?, соның бәрін ескеруіміз керек деп санайды. Сондықтан дұрыс талдау жасамай, шешім қабылдау ерте деп отыр. 
Ол атом электр станциясына қойылатын талаптардың бірі - жақсы су қоймасының болуы екенін де еске сала кетті.

«Мен есептерді оқып жатырмын, Каспий кірмейді, Балқаш та таязданып жатыр. Егер қазір орынды таңдап, атом электр станциясын салсақ, ал 10 жылдан кейін су тағы 10 метрге тартылса, сонда не болады? Бәрі өзгереді. Дарвин айтқандай: «Ең мықтылар емес, ең жылдам бейімделетіндер аман қалады». Біз жай ғана шешім қабылдай алмаймыз.10 жылдан кейін станция салынғаннан кейін сусыз қалсақ не болады?» – дейді Нұрлан Жақыпов.

Нұрлан Жақыпов бүгін «Самұрық-Қазына» қорының 100 күндік жұмысын қорытындылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →