×

Жібек жолы ауылында кәмелетке толмаған қыз өлі табылып, ауыл тұрғындары күдіктіні беруді талап етті

Ауыл адамдары жиналғанын полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

Жібек жолы ауылында кәмелетке толмаған қыз өлі табылып, ауыл тұрғындары күдіктіні беруді талап етті
RFE/RL / Asylkhan Mamashuly

13 шілде күні кешке Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылының адамдары наразылыққа шыққан. Оған осы ауылда тұратын, кәмелетке толмаған қыздың өлтірілгені себеп болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы арыз жазған.

"Жедел-іздестіру барысында полиция ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы (99-бап) бойынша іс қозғалып, тергеу басталды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бейресми ақпараттарға қарағанда, жас қыздың өліміне күдікті анықталған соң ауыл тұрғындары наразылыққа шығып, күдіктіні халықтың қолына беруді талап еткен.

Ауыл адамдары жиналғанын полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Халық тынышталғанын, ауылды полиция бақылап тұрғанын айтты.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, Жібек жолы ауылында интернет ажыратылған. Түн ішінде осы ауылдағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық өткізу пункті жабылған.

Түркістан облысында бұған дейін де осыған ұқсас түрлі оқиғалар болып, кейде этникалық жанжалдарға ұласқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →