×

Жезқазған жылу электр орталығында апат болды

Станса жұмысы тоқтап қалды

Жезқазған жылу электр орталығында апат болды
gov.kz

 «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-не қарасты Жезқазған жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеше, 13 шілде сағат 21:12-де қолайсыз ауа райы жағдайында Ақадыр-Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды.

Электр желісі параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқышындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді.

Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтатылды, содан кейін генерация толық төмендеді.

Стансаның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін 22:20-да басталды.

Технологиялық ақау фактісі бойынша жан-жақты тергеу жүргізу мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен комиссия құрылды.

«Жезқазған ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттілігін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Kazakhmys Energy ЖШС басшылығына Жезқазған ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды», –  деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Kazakhmys Energy-дің қауіпсіз жұмыс мәселесі бойынша арнайы кеңес 17 шілде дүйсенбі күні министрлікте өткізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →