×

"Семей орманынан" тағы да өрт шықты

Шығыс Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі сақталуда

"Семей орманынан" тағы да өрт шықты
Видеодан кадр

Бесқарағай ауданындағы Шошқалы көлінің маңынан өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  

“Осыған байланысты Бородулиха ауданында жұмыс сапарымен жүрген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев оқиға орнына шұғыл жолға шықты”, – деп жазды әкімнің кеңесшісі Жарқын Түсіпбекұлы Фейсбук парақшасында.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі сақталуда.

“Өрт сөндіру бөлімшелері күн сайын құрғақ шөптің жануымен күреседі. Аптаның басынан бастап олар шамамен 20 рет өрт оқиғаларына шықты. Құрғақ шөптер негізінен халықтың немқұрайлылығы және найзағайдың түсуінен жанады. Өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 250-ден астам адамнан тұратын 46 мобильді топ жұмыс істеуде. Олар орман аймағындағы алқаптарға мониторинг жүргізеді және рейдтік іс-шаралар өткізеді, рейдтік іс-шаралар барысында 51 өрт қауіпсіздігін бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген баспасөз хабарламасында. .

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Кеше, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →