×

Түркістан облысының әкімі қаза тапқан бес жасар қыздың үйіне барды

Қайғы жамылған отбасыға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді

Түркістан облысының әкімі қаза тапқан бес жасар қыздың үйіне барды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына барды. Жібек жолы ауылдық округінде кісі қолынан қаза тапқан 5 жастағы қыздың шаңырағында болып, ата-анасына, жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардың хабарлауынша, өңір басшысы Жібек жолы ауылында кісі қолынан қаза тапқан 5 жастағы қыздың шаңырағында болып, қайғыларына ортақсып құранға қатысқан.

"Өте ауыр жағдай. Қайғыларыңызға ортақпын. Жұбатуға сөз табу қиын. Кішкентай балапанның ауыр қазасы бәрімізді күйзелтті. Қазір күдікті ұсталды. Заң аясында қатаң жазаланады", – деген облыс әкімі қайғы жамылған отбасыға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

 

Қайғылы оқиға

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынған. Оқиға орнына 13 шілдеде түнде ерекше бақылау және тұрғындармен қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облысы әкімінің орынбасарлары Н.Көшеров, Б.Тәжібаев, облыс прокуроры М.Тілеубердиев, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабденов, ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Т. Мелдешов барды.

Пышақ жарақаттарынан жан тапсырған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілдеде жер қойнына тапсырылды.

Сараптама қорытындысы жедел түрде 20 күн ішінде шығарылады.

ҚР Президенті Бас прокуратура мен ІІМ-не болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Күдіктіге қатысты ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар жүргізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресейде Ан-24 ұшағы апатқа ұшырады: Тоқаев Путинге көңіл айтты
Кеше, 18:06

Ресейде Ан-24 ұшағы апатқа ұшырады: Тоқаев Путинге көңіл айтты

Ан-24 ұшағының Ресейдегі апат орны тексерілді: алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар жоқ
Ол депутаттардың дәрігерлерге тап бергендерді қатаң жазалау туралы ұсынысын орындаудан үш рет бас тартқан
Сот жарыссөзінде жәбірленушілердің бірі Перизат Қайратты анасымен бірге қатаң жазалауды талап етті
Тараз қаласының тұрғыны, кәмелетке толмаған төрт баланың анасы тұтынушылық несие бойынша бес банкке 6 млн теңгеден астам қарыз болған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →