×

Мәйітті дәретхана шұңқырына тастаған: 19 жыл бұрынғы қылмыс

Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ

Мәйітті дәретхана шұңқырына тастаған: 19 жыл бұрынғы қылмыс

Шымкент қаласында 19 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша сот отырысы басталды. Күдіктілердің бірі биыл наурыз айында ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сот материалына сәйкес, 2004 жылы Ринат Ғазизов досы Юраға көмектесуге келіскен. Юра оған жездесі әпкесін ұрып-соғатынын, онымен қоймай өзінің қызына тиіскенін айтқан.

Ринат мылтық тауып береді. Ал Юра ішімдік ішіп алып, отырыс ұйымдастырған. Жездесін де шақырады. Сол кезде Ринат оған екі рет оқ атқан. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Екі дос барлық айғақты өртеп, мәйітті даладағы дәретхана шұңқырына тастаған. Үстіне құрылыс қоқыстарын үйіп қойған. Сосын көрші елге қашып кетеді. Ол кезде Ринат 22 жаста, ал Юра 16 жаста болды.

Сот отырысы кезінде Ринат Ғазизов өз кінәсін мойындаған жоқ. Мылтықты қаңырап тұрған үйдің ішінен таптым деді. Ал Юра оқ атқан.

«Мен кінәлі емеспін. Қылмыс жасауға көмектескен де жоқпын. Иә, мылтық әкелгенімді мойындаймын. Бірақ Юра Хоритонов болған жерден кетіп қалдым. Қазақстан аумағынан қашып кеттім. Өйткені менің мылтығыммен адам өлтірді, сол үшін мені соттайды деп қорықтым», – дейді Ғазизов.

Сотталушы 2018 жылы Шымкент қаласына қайтып келген. Оны биыл наурыз айында ұстап, тергеу изоляторына қамап тастады. Ал досы Юра азаматтығын ауыстырып, Башқұрстанда бой тасалап жүр.

Прокурор Ринат Ғазизовты 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Алдағы дүйсенбі күні сот өз үкімін шығарады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →