×

ҚМГ АИ-95 бензинінің тапшылығын түсіндірді

Бұл мәселе логистикаға қатысты

ҚМГ АИ-95 бензинінің тапшылығын түсіндірді
azh.kz

«ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев елімізде бензин өндіру мен оны жеткізу мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«АИ-95 бензинін өндіру жоспары толығымен орындалды. Кәсіпорындардың бірінде жөндеу жүргізілсе, біз Энергетика министрлігімен бірлесіп тиісті шешім жасаймыз. Яғни, бір кәсіпорында өнімді қосымша өндіру іске асады. Жалпы, бензиннің негізгі көлемі толық өндірілді деп айта аламын. Әр кәсіпорынға АИ-92 мен АИ-95 бензинін өндіру бойынша нақты талаптар қойылған. Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытының жүктемесі артты», – деді Д. Макеев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол кейбір жанармай құя стансаларында АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы себебін түсіндірді.

«Шынымен де кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-95 бензині жетпей жатыр деген ақпарат тарады. Бұл мәселе логистикаға қатысты. Өйткені, жанар-жағармайды еліміздің батысынан оңтүстік өңірлеріне жеткізу екі аптаға созылуы мүмкін. Яғни бензин бар, бірақ тиісті көлемі жолда келе жатыр. Еліміздің аумағы үлкен екенін ескерсек, логистика біраз уақыт алады. Жалпы, біз тиісті техникалық іс-шараларды атқардық, Атырау мұнай өңдеу зауытына өндіріс бойынша ауқымды көлемі жүктелді», – деді компания өкілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →