×

Түркістанда шенеунік 18 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған

Түркістанда шенеунік 18 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
gov.kz

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар жеке кәсіпкерді 18 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілініп отыр. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған", – делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →