×

ҚТЖ-ның теміржолдағы апаттарды фото-видеоға түсіруге болмайды деген тыйымының күші жойылды

Мұндай шектеу теміржолдағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты

ҚТЖ-ның теміржолдағы апаттарды фото-видеоға түсіруге болмайды деген тыйымының күші жойылды
elorda.info

Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және видеоға түсіруге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл тапсырма Қазақстан Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді.

Оған сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

Мұндай шектеу ең алдымен теміржолдағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты.

Сонымен қатар әртүрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді.

Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →