×

Малшылардың мәртебесін ойлап жүрген Назаровты Жұманғарин қатырды

Вице-премьердің жауабы көпшіліктің күлкісін тудырды

Малшылардың мәртебесін ойлап жүрген Назаровты Жұманғарин қатырды
Коллаж: Qaz365.kz

Өткенде Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Үкіметке малшылардың мәртебесін көтеру туралы сауал жолдаған. Оған вице-премьер Серік Жұманғарин жауап беріпті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен де ауылдың баласымын, төрт түлік малдың бәрін бақтым. Мал бағудың машақаты мен қиындығын жақсы білемін. Біздің қазақта: «Балықшы желде, диқан жаңбырда, малшы өлгенде демалады» деген ата сөзіміз бар. Қала қазағы кәделеп асқан етімен сыйлы қонағын күтеді. Алайда осы сый-құрметтің артында сонау ауылдағы ағайынның тынымсыз еңбегі, маңдай тері әрі мал бағудың үлкен жауапкершілігі мол шаруа екенін сезіне бермейді. Шаруа мен малшының жұмысы ауыр», – деген еді Ардақ Назаров.

Депутаттың айтуынша, жаздың ми қайнатар ыстығы, көктем-күздің жаңбырлы түні мен бүйірден соққан желі, қаһарлы қыстың қырауына қарамастан малды аман сақтау оның міндеті.

Ал арада ай өткен соң жауап берген Серік Жұманғарин де депутаттың бұл сауалына не жауап берерін де білмеген тәрізді. Онсыз да әлеуметтік желіде әжуаға айналған осы сауалға вице-премьердің жауабы да көпшіліктің күлкісін тудырды.

Өйткені ол депутатқа: «Сіздердің ауылдағы малшының жағдайы және оның мәртебесіне қатысты депутаттық сауалыңызға қатысты келесіні хабарлаймыз» деген.

Жұманғарин аталған мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдар жан-жақты талдау мен пысықтау жүргізуде. Осыған орай Үкімет тарапынан депутаттық сауалға жауаптың кейінірек ұсынылатынын назарларыңызға жеткіземіз деген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →