×

Төтенше жағдайлар министрі қоластындағылардың жемқорлықпен ұсталуы жайында пікір білдірді

Оның айтуынша, бұл фактілер министрлік пен Антикордың бірлескен жұмысының арқасында анықталды

Төтенше жағдайлар министрі қоластындағылардың жемқорлықпен ұсталуы жайында пікір білдірді
Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен екі өңірдегі ТЖД бастығының пара алды деген күдікпен ұсталуына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл фактілер министрлік пен Антикордың бірлескен жұмысының арқасында анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң тиісті шешім шығады», – деді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, жасырын жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары парақорлықпен әшкереленген.

Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деп күдіктенеді.

Пара сомасы - 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін.

Бұдан басқа, ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған. Күдіктілер ұсталып, изоляторға қамалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда балмұздаққа сұраныс күрт өсті: жетпегенін Италиядан тасып жатыр
Бүгін, 15:50

Қазақстанда балмұздаққа сұраныс күрт өсті: жетпегенін Италиядан тасып жатыр

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.
Беларусь президентінің ресми сайтында Александр Лукашенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтаған мемлекет басшылары мен басқа да тұлғалардың тізімі жарияланды.
Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы 45-ші мектеп-гимназиясында оқитын Нұржол Сатыбалды екі университеттің грантына ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →